«ЭЙР АСТАНА» БАЛАЛАР ҮЙІНЕ ЖӘРДЕМДЕСТІ

«ЭЙР АСТАНА» БАЛАЛАР ҮЙІНЕ ЖӘРДЕМДЕСТІ

«ЭЙР АСТАНА» БАЛАЛАР ҮЙІНЕ ЖӘРДЕМДЕСТІ
ашық дереккөзі
433

«Эйр Астана» әуе компаниясы Білім күніне және оқу жы­лының басталуына орай Алматы, Талдықорған, Атырау және Шымкент қалаларының маман­дандырылған балалар мекемелеріне жалпы сомасы 6 989 319 теңгені құрайтын спорттық және ойын құралдарын сыйға тартты.  Жоба «Аяла» қайы­рымдылық қорымен бірлесіп жүзеге асырылды.

Әуе компаниясы маман­дандырылған мектеп-интер­наттардың мұқтаж­дықтарын зерттей келе нағыз қажетті заттарды табыстады.  Атап айтқанда, Алматы қаласының №2 Сәбилер үйіне ойын кешені табыс етілсе, 2 жарым миллион теңге сомасына балалар ойынына арналған жаппаға жөндеу жүргізілді. Талдықорған қаласында құлағы нашар еститін және саңырау балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының ойын алаңына 1 298 192 теңге бөлінсе,  С. Қазыбаев атындағы №1 Атырау облыстық мектеп-интернатының жетім балаларына – 2 263 324 теңгелік ойын кешені салынды. Ал саңырау балаларға арналған №1 Шымкент мектеп-интернатына – 866 755 теңге көлемінде спорт  мүкәммалын және балаларға ойыншық машиналарды сыйға тартты.

2013 жылы «Эйр Астана» әуекомпаниясы 12 қайырымдылық акцияға қатысты. Әуекомпания республикамыздың балалар үйлеріне және мектеп-интернаттарына қолдау көрсетуді одан әрі жалғастырады. «Эйр Астана» қайырымдылық және демеушілік бағдарламаларын жүзеге асыруда тұрақтылық және жүйелілік қағидаларын ұстанады және қоғам өмірін жақсартуға өзгерістер енгізу үшін өз үлесін қосуға ұмтылады!

 А. Бейімбет 

Серіктес жаңалықтары