ҚҰҚЫҒЫМЫЗДЫ БІЛЕМІЗ БЕ?

ҚҰҚЫҒЫМЫЗДЫ БІЛЕМІЗ БЕ?

ҚҰҚЫҒЫМЫЗДЫ БІЛЕМІЗ БЕ?
ашық дереккөзі
208

Жалпы қағидаға сәйкес қылмыстық жауаптылық қылмыс жасаған кінәлі адамға сот арқылы жаза тағайындау негізінде жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттардың заңдылықты сақтау туралы» 1999 жылғы 30 сәуірдегі нормативтік қаулысында:

«Қылмыстық белгілері бар әрекет жасаған, бірақ қоғамға елеулі қауіп келтірмейтін адамдарға соттар қылмыстық жаза қолданбай-ақ, олардың түзелетіндігі мен қайта қылмыс жасамайтындығы туралы мәселе талқылап, негіз болған жағдайда ондай адамдарды ҚК-тің 65-68-баптарында көрсетілген негіздері бойынша қылмыстық жауапкершіліктен босатуға құқылы» делінген. 

Аталған қаулыда соттың адамды қыл­мыстық жаза шараларын қол­дан­бай-ақ түзеуге болатындығы ту­ралы тұжырымы істің жан-жақты, толық және объективті түрде зерттелген мән-жайларына және сотталушының жеке басы туралы мәліметтерге негізделуі қажет деп атап көрсетілген. Осыған орай қылмыстылықпен күресте мақсатқа жету кінәлі адамды қылмыстық жауапқа тартпай-ақ немесе оған жаза тағайындап, бірақ оны жазаны нақты өтеуден босату арқылы, сондай-ақ жаза өтеуден мерзімінен бұрын босату, өтелмеген жазаның бөлігін жеңілірек жазамен ауыстыру арқылы жүзеге асырылуы да мүмкін.

Осыған байланысты қылмыстық құқық қылмыстық жауаптылықты және жазадан немесе жазаны жеңі­лі­рек жазамен айырбастау туралы инс­титутты белгілейді. Мұның әрқай­сысы тәжірибеде кеңінен қол­­данылады. Сонымен бірге ес­ке­­­рілетін жағдай, қылмыстық жа­уаптылықтан, жазадан босатуды кеңі­нен пайдаланудың да зиянды жағы бар. Бұл институтты прак­ти­када жиі қолдану қылмыстық құ­қықтағы жауаптылықтың сөз­сіз болуы принциптерін аяққа ба­сады. Сондықтан да көрсетілген мәсе­ле­лерді қолдану заңға негізделген және тиімді болған жағдайда ғана қыл­мыспен күрес мақсатының қыл­мыстық жауаптылық немесе жазаны қол­данбай-ақ жүзеге асырылу жағ­дайында ғана қолданылуы қажет.

Қылмыстық заң бойынша қыл­мыс­тық жауаптылықтан босатудың мы­на­дай түрлері анықталған:

Шын өкінуіне байланысты қыл­мыс­тық жауаптылықтан босату;

Қажетті қорғану шегінен аспаған кез­де қылмыстық жауаптылықтан босату;

Жәбірленушімен татуласуы­на байла­нысты қылмыстық жауапты­лық­тан босату;

Жағдайдың өзгеруіне байланысты қыл­мыстық жауаптылықтан босату;

Ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату;

Рақымшылық немесе кешірім жа­сау актісі негізінде қылмыстық жауап­ты­лықтан босату.

Осы аталған негіздер мен қыл­мыс­тық жауаптылықтан босату түбегейлі түр­де шартсыз жүзеге асырылады.

Қылмыстық заң бойынша кінәлі деп танылған адамның жазаны өтеуді жалғастырудан босатылуы немесе жазасының жеңілірек жазамен ауыс­тырылуы мүмкін.

Қылмыстық заң бойынша жазадан босату мынадай негіздер бойынша жүзеге асырылады:

Ауруға шалдығуына байланысты жа­задан босату;

Жазаны өтеуден мерзімнен бұрын шартты түрде босату;

Жазаның өтелмеген бөлігін не­ғұр­лым жеңіл жаза түрімен ауыстыру;

Жүкті әйелдердің және жас бала­ла­ры бар әйелдерді жазаны өтеуден кейін­ге қалдыру.

Төтенше мән-жайлардың сал­да­ры­нан жазадан босату мен жазаны өтеуді кей­інге қалдыру;

Айыптау үкімінің ескіру мерзімі өтуі­не байланысты жазаны өтеуден бо­сату;

Рақымшылық немесе кешірім жасау­ актісі негізінде жазадан босату.

Қылмыстық жауаптылықтан бо­са­ту, жазадан босату немесе жазаны одан әрі өтеуден босатудың бір-бі­рі­нен айырмашылығы оларды қол­­дану негіздеріне байланысты бо­ла­ды. Әдетте, қылмыстық жауап­ты­лықтан босату (қылмыстық жа­уапқа тартудың мерзімі ескіруге бай­ла­ныс­ты жауаптылықтан босатудан бас­қасы) істелген қылмыстың қо­ғам­ға қауіптілігі онша көп болмаған және оны істеген адамның түзелуі, жаза қолданбай-ақ мүмкін болған жағ­дайларда қолданылады. 

Жазадан немесе оны одан әрі өтеу­ден босату сот үкімі бойынша бел­гілі бір жаза тағайындалып, соны өтеу барысында өздерінің түзел­гендігін дәлелдеген адамдарға қол­данылады. Мұндай жазадан бо­сату тек заңға белгіленген тәртіппен сот арқылы ғана жүзеге асырылады.

Қылмыстық жауаптылықтан немесе жазадан босатылудың кейбір түрлері жұртшылық өкілдерінің қатысуы арқылы жүзеге асырылады. Мысалы, жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босату жазаны өтеу мекемесінің және бақылау комиссиясының бірлескен ұсынысы болған жағдайда ғана сот арқылы жүзеге асырылады. Қылмыстық жа­уаптылыққа тартудың мерзімі ес­кіруге байланысты қылмыстық жа­уаптылықтан босату, айыптау үкі­мін орындаудың мерзімі ескіруге бай­ланысты жазадан босату (69,­75-­баптар) жұртшылық өкілінің пі­кірін ескермей-ақ қолданыла бе­ре­ді.

Айнұр Оразбекова,

 М.Х.Дулати атындағы

 Тараз Мемлекеттік университетінің

 2-курс білімгері

Серіктес жаңалықтары