ЕЛБАСЫНЫҢ ҚЫРҒЫЗ ШӘКІРТТЕРІНЕ КӨМЕГІ

ЕЛБАСЫНЫҢ ҚЫРҒЫЗ ШӘКІРТТЕРІНЕ КӨМЕГІ

ЕЛБАСЫНЫҢ ҚЫРҒЫЗ ШӘКІРТТЕРІНЕ КӨМЕГІ
ашық дереккөзі
363

Бұл туралы Қырғызстанның президенті Алмазбек Атамбаев жаңа оқу жылының басталуына орай Бішкек қаласының құрамына кірген «Алатау» қонысындағы мектепке барып, мұғалімдер және оқушылармен кездескенде айтты. «Өткен жылы да мен бұл мектепке келіп кеткенмін. Қаржының жоқтығынан жаңа мектепті бітіре алмай қалғанбыз. Бұйырса, келесі оқу жылында біз уәдемізді орындаймыз. Мектепті құрып береміз. Бауырлас Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ағамызға рахмет, мектептің құрылысына қаражат бөліп берді», – деді Қырғызстанның президенті. Мектепте 1200 оқушы білім алатын болады.

Қазіргі кезде Қырғызстанның мектептерінде 1 миллионнан астам оқушы білім алуда. Елдегі халықтың саны 1 маусымдағы статистикалық мәлімет бойынша – 5 млн. 704 мың адам. 1 миллионға жақын қырғыз жарандары күнкөріс жағдайымен шет өлкелерде уақытша тұрып жатыр.

Назарбек БАЙЖІГІТОВ, 

«Түркістанның» Қырғызстандағы тілшісі

Серіктес жаңалықтары