Орысша тәрбиеленгендер туралы сөз

Орысша тәрбиеленгендер туралы сөз

Орысша тәрбиеленгендер  туралы сөз
ашық дереккөзі
282

Одан кейінгі ғасырларда елдің әлеуметтік-тұрмыстық салттарымен ислам діні үйлесімін тауып, адамдар арасындағы қарым-қатынасында ізгілік пен ынтымақ ізін салған. Исі қазақтың Алаш немесе Қазақ деп аталатын бір кісіден таралуы да этнотұтастықты көксеуден туған ұлы шарттылық, ұлы бірлік идеясы деуге толық негіз мол. Сол дәуірде ата-бабаларымыз ой-пиғылдың ұрпаққа залалынан сескеніп, жамандықты істемек тұрмақ, ойына кірбің түсірмеу ниетінде «Жеті жарғыны» ойлап тапты. Отбасы мен неке, салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпты қастерлеу, әділдік заңдары жетілдіріліп, толықтырылған-ды.

Қазақ хандығын жасақтаған кемеңгерлер ә дегеннен мықтап ескерген, сахара төсінде судай сапырылысып, мидай араласқан ру-тайпалардың хандық аясындағы ішкі құрылымын жаңаша түзген. Көшпелі ру-тайпалардың таным-түсінігіндегі ең киелі сыйластық пен достық болып табылатын этнотекті негіз етпей тұрып жұртшылықты бір мүддеге жұмылдыру мүмкін емес еді. Ұлт көсемдері ең әуелі бір-бірінің басын қадірлеуді, адамның ой-сезімі, ары мен намысы, ұяты мен ұжданы секілді адамға тән қасиеттерді қадірлеу, қорламау керектігін бәрінен жоғары қоюды әр кез қастер тұтуды жолға қоя білген еді. Біліп қана қоймай, күнделікті тұрмыста сол салт-санамен өмір сүрген.

Кешегі 70 жылдық қылышынан қаны тамған қызыл империяның атеизмі үстемдік құрған тұста қазақ халқының тілі, мәдениеті жетімсіреп, өгей баланың күнін кешкені баршаға мәлім. Кеңес одағы ыдырап, қазақ елі өз алдына отау тігіп, тәуелсіз мемлекет болғанына да жиырма жылдан астам уақыт болыпты. Көзін ашқаннан атеистік тәрбие алып өскен әлденеше ұрпақ адал мен харамды, обал мен сауапты, пендешілік пен тақуалықты, ақ пен қараны ажырата алмай бүгінгі күнге де жетті. 

Өмір өзі көрсеткендей, уақыт өте келе ұлтымыздың күнделікті ұрпақ тәрбиесіне ықпалы күшті ата мен әженің орны ойсырап, отбасы мүшелерінің саны азая түсті. Бұқара халықтың бір-біріне деген құрмет пен ізеті, мейірім мен шапағаты, бауырмалдық қасиеттері сиреп кеткені жасырын емес. 

Күн сайын қоғамдық қауырт жұмыстың әлегімен басын ауыртып, айналасымен орысша тілдесіп, орысша ойлауды ептеп дағдыға айналдырған қазақ анасы шаңырақ астында өз балаларына үйрететін тәлім-тәрбиесінің негізгі бағытынан айырылып та қалды. Кеңестік жүйенің отбасы реформасы өз жемісін беріп, әр ата-ана қала тұрмақ, ауыл-аймақтарда «болашақта орысша білмесең, нан таба алмай аштан өлесің» деп қалыптастырған қағида бойынша балаларын орысша оқытуға тырысты. Сондай-ақ, түрлі себептермен орысша тәрбиеленген келін өзі түскен үйдің шаруасына еш араласпай безбүйректеніп, «почему я должна», немесе «я не виновата» деп сылтау іздеп, бір-екі баланы жетектеген күйі ажырасып кететін ауру етек алды. 

Сөйтіп, жетімдер мен жесірлерді топырлатып тастадық. Осылай азғындыққа жол беріп, күл-қоқысқа, аялдамаға, дәретханаға жаңа туған шарананы тастап қашатын дертке ұшырадық. Тіпті, ата-анасын қарттар үйіне апарып тастап, зейнетақысын пайдалану секілді арсыздық жайлады. 1965 жылы үйленгендердің әрбір 100-і ажырасса, 1995 жылдан бері әр үшінші отбасы ажырасатын болған. Бұл – қызыл империяның қазақ отбасына түсірген ащы сызатының бірі ғана. 

Ұрпақ тәрбиесін қолға алмай тұрып, биік шыңды бағындыру арманы бос қиял іспеттес. Оның сыртында теледидардан құдайдың құтты күні қулық-зорлық, ұрлық-қарлық пен әпербақан ұрда жық, арамдықтың сан түрін құлпыртып, «құбылтып» көз алдыңа көлденең тоса берсе, оның әсер-ықпалы болмайды деп ешкім айта алмас.

Осылай орысша тәрбие алу салдарынан қазақ болып туылғанымен, қазақша өмірбаянын айта алмайтындар көбейтеді адамзат табиғатына жат құбылысты – бір жыныстылардың отбасын құрып, той тойлап жатқандығы, есірткіге әуестік, маскүнемдік, жезөкшелік, суицид өршіп тұр.

«Орыстың тексіз ұлт екенін олардың фамилия таңдауынан аңғарсақ жетіп жатыр, кез келген өзіне ұнаған сөзді фамилия етіп ала береді. Мәселен, Тараканов, Безног, Коробко, Свори-борщ, Скорпион т.б. Ешқашан шүкіршілік етпейді, тәуба деп қанағат тұтпайды, ар-ұят пен обал-сауаптың не екенін түсінбейді, әке-шешесіне «сен» деп жауап береді, қартайғанда керексіз заттай тас­тап кетеді, «после меня хоть трава не расти» деген принципте өмір сүретін халық», – деп жазды өз күнделігінде француздың данышпаны Вольтер (шын аты Мари Франсуа Аруэ, 1694-1778 жылдары өмір сүрген). Тағы да бір сөзінде «Ресей көп жылдар бойы мәдениет атауының барлығын Еуропадан үйреніп келеді, бірақ олар еуропалықтардай бола алмайды» деген.

Ресейлік әріптестеріміз Кремльден астыртын тапсырма алып, Кедендік одақтан кешегі Кеңестік одақты жасаудың амалына біржола бет бұрғандай. Өйткені олар орашолақ ойлайтын орыстың аузымен опырып сөйлемей, қазақты өзінше мазақ етуге кіріскен сыңайлы. Ол қазақтар – үш жүз жыл бойы соқалап жүріп орыстың өзі өсірген қазақтар. Аты қазақ, заты – орыс. Болат Аюханов ағамыз осы топқа қосылған сияқты. Мамандығы балет бишісі. Оның айтуына қарағанда, «қазақта би болмаған, қазіргі қазақтың ұлттық биі Чернышеваның Қазақстанға деген сүйіспеншілігінің нәтижесінде дүниеге келген» екен. Ол Үйсін мемлекетінде бидің отыз түрі болғандығынан, ол кезде орыстар мәдениет атаулыдан жұрдай екендігінен бейхабар шығар. Ресейге балет пен театр­ды Еуропадан I-Петр әкелгендігінен де хабарсыз болып шықты.

«Мені Ресейде ұлттың тұғырлы тұлғасы деседі, себебі мен орыстың дәстүрлі балет мектебінің шәкіртімін, сол мектептің дәстүрін жалғастырушымын, мен қай елге керекпін, сол ел менің отаным», – деп салды ағамыз ай мен күннің аманында. 

Орыстандыру саясатының кесірінен, қазақтардың бір бөлігі қазақ тілін мүлдем ұмытып қалды. Олар өздерін «қазақ емеспіз, қазақстандықпыз», – деп санайды. Нұрлан Ерімбетов мырза: «Мен қарапайым орыстың жігітімін» деп соқты бірде телеарнадан. Оған ешкім сенген жоқ. Қазақ та, орыс та. Өйткені оның «мордасы» қазақ екенін ешкім есінен шығармайтын.

Әсіресе, «Наша Казаша» жобасының әзілкештері Нұртас Адамбаев пен Дәуіт Шайхисламовтың «өздерін метіспіз» деп бөскенін естідік. Өздерін осыншама малға теңеп, тұтас халықтың салт-дәстүрін күлкіге айналдырғанға мәз болады. Қазақты мазаққа айналдырып жүрген әртістердің КТК телеарнасындағы қаламақылары Forbes-тың назарына іліне алмайтыны айдан анық. «Наша Каzаша» әзіл-сықақ тобының бір жылдық табысы 700 мың доллар екен. Осы үш жігітке тоқтау айтатын Қазақ елінде бір адамның табылмауы көңілге кірбің ұялатады.

Экс-депутат Бақыт Сыздықова қазіргі таңда Назарбаев орталығында халықаралық құқық қорғау бойынша жетекші: «Біз мектеп қабырғасынан балаларымызды еркін жыныстық қарым-қатынастарға үйретуіміз керек. Осыны білмегендіктен, жасөспірімдер арасында өз-өзіне қол жұмсағандар көбеюде. Сондықтан, Білім және ғылым министрінің құлағына алтын сырға», – деп салды. Қазақ қазақ болғалы мұндай сорақы сөз естімеген шығар ешкім. Туған халқының тәрбиесін көрмегендердің алды қалың тұман екендігі адамзаттың барша тарихында қара әріптермен тіркелген. Содан сақ болайық, қандастар!

 Жұмамұрат Шәмші,

 тарих ғылымдарының кандидаты

Серіктес жаңалықтары