«Қазақ елі» қашан оқытылады?

«Қазақ елі» қашан оқытылады?

«Қазақ елі» қашан оқытылады?
ашық дереккөзі
151

Ол өз сөзінде: «Патриот сөзі – ұлы сөз! Отансүйгіштік – өз Отанына деген махаббат. Отаншылдық – ұлттық рәміздеріміз бен рухани құндылықтардың негізінде жатыр. Халқыңды сүй, тіліңді құрметте. Отан отбасынан басталады», – деді. 

«Жүзден жүйрік, мыңнан тұл­пар» 22 оқушымен жүздескен Ел­басы тарихты танып, өткенді ба­ға­лай білу керектігін баса айтты. Ол үшін алдағы уақытта мектептерде арнайы «Қазақ елі» пәні де енгізілу қарастырылуда екен. «Өз тарихымызды, түп-төр­кінімізді білуіміз керек, сондықтан «Қа­зақ елі» пәні оқытыла бастайды. Халқыңның бастауларын, тарихын білмесең, қалай шын сүйесің? Өйт­кені тарихты ары жалғайтын өзіміз. Тарих тура бізден басталады. Сондықтан «Қазақ қайдан шықты?» деген сауалға жауап бере білуіміз керек», – деді Елбасы. 

Кез­десу барысында Президент оқушылардың сұрақтарына да жауап берді.

«Кей­бі­­реулер, егер сен өз­ елің­ді, өз хал­қың­ды шын құр­мет­тесең, онда басқаларды ешқашан құр­меттемейсің деп санайды. Бұл – ең сорақы нұсқасы! Мұны қаперде ұстау керек», – деген ол тарих парақтарынан мысал келтірді: «Немістер өткен Дүниежүзілік соғысқа: «Германия тек немістер үшін» деген ұран­мен шықты, өздерінің нәсілі – арийлік асыл, ал өзгелер осы ұлттың құлы болуға тиіс деген түсінікпен аттанды. Бұл Герма­нияның өзін апатқа ұшыратты. Тек солар­дан ғана 9 миллиондай адам, бүкіл әлем бойынша – 56 миллион адам, сол кезде біздің бәріміз өмір сүрген Кеңес Одағынан 26 миллион адам қаза тапты. «Осының бәрі не үшін?» деген сауал туындайды», – деді Нұрсұлтан Назарбаев. 

Сондай-ақ, Елбасы жастарды білім алуға шақырды. «Білім – аламан бәйге іспеттес. Оның шыңын ба­ғын­дыру тек талпынғанның еншісінде ғана. Білімді мыңды жығатын заман туғаны әркімге белгілі. Сондықтан елдің ертеңін көркейтем десең, бар біліміңді ортаға сал. Оқы да, тоқы, ғылымға бет бұр. Қазақстан инновациялық үрдістерден қалыс қалмауы тиіс екенін ұмытпау керек». Елбасының пікірінше, жа­тып­ішер жалқау емес, өз Отанының гүлденуі үшін ерінбей тер төккен жан – нағыз патриот. «Отансүйгіштік дегеннің сан алуан түсінігі бар. Әркім әртүрлі түсінеді. Бірақ тек Отанына еңбек еткен адам ғана патриот! Жұмыс істемейтін кержалқаулар патриот бола алмайды. Бұл сендер, жасөспірімдер үшін – оқып, білім алу. Жұмыс істеп жүргендер үшін – қандай жұмыс істесе, сол жұмысында абыройлы қыз­мет жасап, жоғары дәрежелі маман болу, сыйлы болу», – деді ол. 

Әрине, табысқа қол жеткізу үшін денсаулықтан асқан бай­лық жоқ. Ол үшін спортпен шұ­ғыл­данып жүрген абзал екенін ортаға салды. Спортқа ерекше көңілмен ден қоятын Елбасы қарапайым кеңестерін де айта отырды. Ол бүгінгідей жастарды шырмап алған интернеттің пайдасы мен зиянын да ұмытқан жоқ. Ғаламтордың кітап оқу мен ауызекі араласудың орнын толтыра алмайтынын ұмытпау керектігін еске салды. «Егер білгілеріңіз келсе, менің күнде­лік­ті кестем мынадай: 6 жа­рым­да тұрамын да, тура бір сағатты дене жаттығуларына арнаймын. Жаттығуды ауыр фитнеспен аяқтай­мын. Бәлкім, бұл маған ендігі қажет те емес шығар, бірақ мен осыған үйреніп қалдым. 45 минутты аэробикаға бөлемін, оның кезінде жүрек соғысы 110-ға дейін жетеді. Содан кейін фитнес, артынша, суға шомылу. Содан соң жұмысқа жол тартасың. Жек­сенбіде бір күн демалыс. Осындай ырғаққа бой үйретіп алған соң, онсыз өмір сүре алмай­сың!» деп оқушыларды спортқа шақырды. Осылайша, Елбасы азат елдің ұландарының бойында отансүйгіштік сезімін нығайтты.

Серіктес жаңалықтары