АРАМЫЗДА ЖүРГЕН АБАДАНДАР

АРАМЫЗДА ЖүРГЕН АБАДАНДАР

АРАМЫЗДА ЖүРГЕН АБАДАНДАР
ашық дереккөзі
169

Ағымдағы жылдың 24 тамыз күні телекөрермендердің назарына Туризм Индустриясы Комитеті Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің тапсырмасымен, «ADAM MEDIA GROUP» компаниясымен бірлесе, КТК телеарнасы «Абадан. Жібек жолында» атты жаңа ойын-сауықтық, танымдық бағдарлама ұсынылды.

Жоба мақсаты – Ұлы Жібек жолы бойымен жаңаша жүріп өтіп, еліміздің тарихи, табиғи көрнекті жерлерін насихаттау, Қазақстанның ішкі туризмінің дамуына үлес қосу. Аталмыш жобаға еліміздің спорт, өнер, саясат саласының майталмандары, БАҚ өкілдері мен олимпиада чемпиондары қатыса алады.

Әр бағдарламада екі қатысушыдан құралған екі топ бір-бірімен өзара тартысқа түседі. Күрделі де, қызықты сындардан мүдірмей өткен топ қана жеңімпаз атанбақ. Танымал жандардың ептілігі мен төзімділігі, ой өрісі мен түйсігі барынша сыналатын емтихан деуге болады.

Айта кетерлік жәйт, жобаға кіретін жарыстардың барлығы да табиғат аясында, ең көркем, ең қызықты, ең жайлы демалыс орындарында өтеді.

Жоба тарихы Тұңғыш Президент атындағы саябақтан бастау алды. Бұл кездейсоқ сәйкестік емес, Жаңа Жібек жолының қайта жаңғыруын бақылау, оны барынша қолдау тікелей Елбасы тарапынан болып отыр.

Алғашқы бағдарламада жас әншілер ADAM мен Анель Аринова бастаған топқа қарсы, халыққа «Жаужүрек Мың бала» фильмі арқылы танылған актерлер Әлия Телебарисова мен Аян Өтепберген ойын көрсетті.

Қатысушылар ойын шарты бойынша Алматының «апортын» теріп, көзді жұмып, «шығыс тәттілеріне» қарық болды. Қиындай түскен ойын шарты –  Түрген шатқалында жалғасты. Қарсыластар өзен үстінен өткел арқылы жүріп, соңында түйеқұстардың қанатын жинауға дейін барды.

Қиын да қызықты жобаның алғашқы жеңімпазы атану – Әлия мен Аянның тобына бұйырды. Кез келген табиғи қолайсыздықтарға шыдап, төтеп беретін актерлеріміз «Абадан» атауына әбден лайық.

Қазақ халқының дархан мінезіне сай табиғаты да ерекше сұлулыққа тұнып тұр. Біз әлі еліміздің көрнекі орындарының көбін біле бермейміз. Кең байтақ даламыздың қиыр-қиыр жерлерін осы бағдарлама арқылы білуге зор мүмкіндік туып тұр. Қазақстанның ғажайыптарын өз көздеріңізбен көріп, жан-тәнімен тамсанып, жаңаша қырынан танып, келесі демалысты отандық туристік бағытта өткізуді жоспарлайтын боласыз.  

Әр сенбі күні, сағат 17:00-де «КТК» арнасынан «Абадан. Жібек жолында» Қазақстандағы ойын-суықтық, танымдық жаңа шоуды тамашалаңыздар.

             

Торғын Әбушахман,

 «ADAM Media Group» ЖШС-нің PR-менеджері 

               

Серіктес жаңалықтары