«КӨКСАРАЙДЫҢ» МАҢЫ ЕГІСТІККЕ АЙНАЛМАҚ

«КӨКСАРАЙДЫҢ» МАҢЫ ЕГІСТІККЕ АЙНАЛМАҚ

«КӨКСАРАЙДЫҢ» МАҢЫ ЕГІСТІККЕ АЙНАЛМАҚ
ашық дереккөзі
228

Салынғанына санаулы ғана уақыт болған «Көксарай» су реттегішінің маңы жайқалған егістікке айналады. Егіске қолайлы аймақты тиімді пайдалану үшін Арыс қаласының кәсіпкерлік бөлімі инвесторларды тартуды бастады. Мамандардың сөзінше, суқойма маңына егін салып, тың жерлерді тиімді пайдалануға мол мүмкіндік бар.«Көксарайдың» маңындағы 7 мың гектар жердің 5 мың гектарын бүгінгі күннің өзінде кәсіпкерлер игеріп алған. Енді қалған екі мың гектарға бау-бақша егіп, өнімін алса, су реттегіштің аумағы жасыл желекке айналып, құмдауыт жер құлпырып сала бермек.

Арыс қалалық кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімінің басшысы Нұрлан Мұстапаев: «Бұл жерде 3 млрд. теңгеге жуық ауылшаруашылығы өнімдері өндіріледі. 300-ге жуық тұрақты жұмыс орны, 300-600 адам маусымдық жұмысқа тартылады», –дейді. Сонымен қатар жергілікті бюджетке 35-40 млн. теңге көлемінде салық түседі екен.

Арыстықтардың бұл жобасы­ өңірі­міздегі «Ордабасы құс» фабрикасының оң жамбасынан келсе керек, аудан әкімдігі мен серіктестік басшылығы ортақ меморандумға қол қойып, «Көксарай» маңындағы бір мың гектар жерін пайдаланатын болып келісілді.

Оңтүстік Қазақстан облыстық Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орта­лы­ғының директоры Нұржан Әлтаев келісімге сәйкес, «Көксарай» маңынан құс фабрикасының үшінші бөлігі салынатынын айтты. Және сол маңда құстар үшін жүгері алқабы болады екен. Бұл дегеніңіз бір оқпен екі қоянды атып алу. Жалпы, жобаларға инвесторлардың белсенділігі жоғары көрінеді. 

Арыс қалалық кәсіпкерлік бөлімінің мамандары енді «Көксарайдың» инфрақұрылымын реттеуге кіріскелі отыр. Жоспардағы бүкіл жобалар жүзеге асса, су реттегіштің аумағында бос жатқан жер қалмайды. Ал су қоймасына жиналатын судың әр мезгілдегі көлеміне бұл көріктендіру кедергісін жасамайды екен.

Дәурен ӘБДІРАМАНОВ

Серіктес жаңалықтары