Жаңа сайт іске қосылды

Жаңа сайт іске қосылды

Жаңа сайт іске қосылды
ашық дереккөзі
200

Бүгін,
21 тамызда спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын
спорт түрлері Конфедерациясы
ұйымның ресми сайтының іске қосылғанын
хабарлайды.
www.confederation.kz – спорттық қауымдастықтың
сайты. Бұл жерде Қазақстан халқы
арасында ең танымал бокс, күрес, дзюдо, таеквондо және ауыр атлетика сияқты
спорт түрлері бойынша соңғы жаңалықтарды, танымал спортшылар, бапкерлер мен
спорттық менеджерлердің сұхбаттарын таба аласыздар. Сонымен қатар сайтта
Конфедерацияға мүше – бес ұлттық федерацияның жеке парақшалары бар. Ол жерде
федерациялардың тарихы, басшылығы, ұлттық құрама спортшылары мен бапкерлері
жайында толық ақпарат шоғырланған. Сондай-ақ www.confederation.kz сайтында
Конфедерацияға кіретін спорт түрлері бойынша өтетін іс-шаралардың толық тізімі,
Қазақстандағы спорттық секциялар туралы анықтамалық ақпараттар көрсетілген.
Сайтты мобильді телефондар мен өзге құрылғылар арқылы қолдануға ыңғайлы болуы үшін  арнайы бағдарлама қарастырылған.

Конфедерация бес ұлттық
федерацияның (бокс, күрес, дзюдо, ауыр атлетика және таеквандо) бастамашылығы
бойынша 2012 жылдың қараша айында құрылды. Ұйымның төрағасы Тимур Асқарұлы Құлыбаев.

Конфедерация
мүшелері

· 
«Қазақстанның бокс
федерациясы» қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі

· 
«Дзюдо федерациясы»
республикалық қоғамдық ұйымы

· 
«Грек-рим, еркін және әйелдер
күресі федерациясы» республикалық қоғамдық ұйымы

· 
«Ауыр атлетика федерациясы»
республикалық қоғамдық ұйымы

· 
«ҚР Таэквондо федерациясы»
республикалық қоғамдық ұйымы

Қоғаммен және
БАҚ өкілдерімен

байланыс жөніндегі
үйлестіруші

Әзбергенов
Жігер

Серіктес жаңалықтары