Есірткі саудагерлері құрықталды

Есірткі саудагерлері құрықталды

Есірткі саудагерлері  құрықталды
ашық дереккөзі
351

Бұл облыста заңсыз сауданың қызу жүргізілетіні белгілі, соған орай құзырлы күш құрылымдары да тынымсыз еңбек етуде. Жуырда ОІІД есірткіге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері облыс аумағымен қатар, алыс-жақын шетелдерді есірткімен қамтыған қылмыстық топты анықтады. 

Басқарма қызметкерлерінің тынымсыз бақылауы нәтижесінде Наталья Трубецкая және Марина Покидько есімді азаматшалардың өзара тығыз қарым-қатынасы көзге түседі. Өйткені олар Қырғыз Республикасына киім-кешек саудасын сылтауратып жиі қатынайтын. Алайда бұл ханымдар сауда-саттықпен айналысатынын айтып, екеуінің сөзі бір арнада тоғысып отырады. Ешқандай күдік тудырмайтын айғақтар айтылады. Дегенмен полиция қызметкерлері олардың Маликахон Ядыгаровамен байланыста екенін анықтайды. 

Ядыгарова – 2008 жылы есірткі сатып, 4 жылын темір тордың ар жағында өткізген. Бірақ ол қайтадан қылмыстық топ ұйымдастырып, оларды алдымен нашақорлыққа үйретіп, солардың көмегімен тауар тасымалын жүзеге асырған. Өзі ылғи тасада қалып отырған. Жамбыл ІІД ЕБҚКБ қызметкерлері қылмыстық топтың барлық мү­шелерін құрықтады. Есірткі құ­ралдары контрабандасының 5 оқиғасы, оларды сатудың жеті фактісі және қаржыны заңсыз заңдастыру фактілері анықталды. Ал аталмыш тұлғалар 15-18 жыл­ға бас бостандығынан айрылып, оларға жазасын өтеу орындарында нашақорлықтан мәжбүрлі емдеу тағайындалды. 

А. БЕЙІМБЕТ

Серіктес жаңалықтары