ШВЕЙЦАРИЯДАҒЫ ШОТТАР ТҰТҚЫНДАЛДЫ

ШВЕЙЦАРИЯДАҒЫ ШОТТАР ТҰТҚЫНДАЛДЫ

ШВЕЙЦАРИЯДАҒЫ ШОТТАР ТҰТҚЫНДАЛДЫ
ашық дереккөзі
221

Осы мақсатта ҚР Қаржы полициясы агенттігі атынан Швейцарияның құзырлы органдарына Храпунов бастаған қылмыстық топты құрықтауға құқықтық көмек туралы өтініш жолданды. Қазақстандық ресми органдар жіберген дәлелдер мен айғақтарды сарапқа салған Швейцарияның құзырлы органдары Храпнуовқа қатысты қылмыстық іс қозғады. Осының нәтижесінде Храпуновтар отбасына тиесілі активтер тұтқындалып, тергеу амалдарын жүргізу үшін олардың банктік, қаржылық және басқа да құжаттары алынған. 

 2007 жылы Алматы маңайындағы сатуға тыйым салынған жерлердi заңсыз сатып, талан-таражға салды деген айыппен, әкiмдiк қызметiнен аластатылған Виктор Храпунов қазiргi кезде Швейцарияда тұрып жатыр. «Bilan» журналының 2009 жылғы қорытындысына сәйкес, ол Швейцариядағы ең бай 300 адамның қатарында. Экс-әкiмнiң есепшотындағы қаражат 300-400 миллион швейцариялық франктен (360-480 млн. АҚШ доллары) асып жығылады. Кейбiр дерек көздерiнiң хабарлауынша, миллионер оның өзi емес, балалары. Мысалы, былтыр швейцариялық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған деректерде оның 27 жастағы ұлы Iлиястың (ол қазiр Swiss Development Group компаниясының президентi) 350 миллион ($343 млн.) швейцар франкi бар деп көрсетiлсе, Iлиястың әпкесi Эльвира Храпунова-Бельдиманидiң иелiгiнде Женевадағы ең бай кварталдардың бiрiнде зергерлiк дүкенi мен зәулiм сарайы бар екендiгi айтылған. 2007 жылы Эльвира Храпунова Колоньи ауданындағы сарайын 32 млн. франкке сатып алғанда да шетелдiк ақпарат құралдары бiраз шулаған едi.

Экс-әкімнің жинаған байлығы 300-400 млн. швейцариялық франкке бағаланғанын естігенде талай отандас таңдай қақты. Өйткені Алматы қаласына жетекшілік еткен кезінде бірде-бір әлеуметтік жобаны соңына дейін жеткізуге мүдделі болмаған Храпуновқа қала жұртшылығы риза болған емес. Есесіне, туған-туысқанын жарылқауда «жомарттық» танытқан ол бар жақсылығын әсіресе әйелі мен балаларынан аямапты. Мәселен, экс-әкiмнiң ұлы Iлиястың Горная мен әл-Фараби көшелерiнiң бойына орналасқан 8 үйi, «Шымбұлақта» жер учаскесi, әл-Фараби даңғылының бойында 16 гараж бен ақылы түрде көлiк қоятын алаңдары бар көрiнедi. Ал зайыбы Ләйла Бекетова-Храпунованың қожалығында Алматыдағы бiрнеше көшедегi ғимараттар, жерасты гараждары, Шымбұлақтағы коттедж, жер учаскесi, сауда орындары, Талғар ауданына қарасты Қотырбұлақ шатқалында орналасқан «Лесная сказка» демалыс аймағы, Алматы қаласы Бостандық ауданындағы №270 балабақшаның ғимараты, Горная мен Меңдiқұлов көшелерiнiң бойындағы 57 шаршы метрлiк, 56 шаршы метрлiк, 809 шаршы метрлiк жер учаскелерi, «Весновка» бау-бақша серiктестiгiндегi 2226 шаршы метрлiк жер бар. Храпуновтар отбасының ресми және басқа адамдардың атынан тiркелген нысандарын есептесек, ұзын-саны 32-ге жететiн бiрнеше нысан, 16 шұрайлы жер учаскелерi (оның iшiнде «Шымбұлақ» тау-шаңғы кешенiндегi 2489 шаршы метр жердi қоса алғанда) бар. Қаланы экс-әкiм басқарған кезде Алматыдағы әуежайдың жаңа жолаушылар терминалын салуға бөлiнген 10 млн. доллар қаржының «ұшты-күйлi жоғалып» кеткенiн, 2002-2003 жылдар аралығында Алматы әкiмшiлiгi тарапынан көпшiлiктiң пайдалануына арналған 54 учаскенi сыртқы жарнама жасайтын «Viled-Алматы» мен GeFest компанияларына басыбүтiн «сыйға» тартқанын (екi компанияның құрылтайшылары арасында экс-әкiмнiң жұбайы Ләйла мен ұлы Iлияс бар), сыртқы жарнамадан түскен жыл сайынғы кiрiс 1 млн. 300 мың долларға жуық болғанын ескерсек, Храпуновты сотқа сүйреуге себептер жеткiлiктi сияқты. Сондай-ақ, «Медеу», «Емендi тоғай» алқаптарындағы 4 гектар жердi Храпуновтың немере iнiсi Сергей Стряпчевтiң «Гүлмира» ЖШС-не 1 млн. 800 мың теңгеге сатып жiберуi, «Шымбұлақ« маңындағы 2,5 гектар жердi де Стряпчевтiң өте төмен бағаға иеленгені тағы бар.

Сонымен қатар Швейцарияның Федералдық прокуратурасы экс-әкім Бергей Рысқалиев пен оның туыстарына қатысты да қылмыстық іс қозғаған. Оған тағылған айып та – «мемлекетке тиесілі ақшаны жымқырды». Бүгінде Швейцариядағы банкте Рысқалиевтерге тиесілі 100 млн. еуродан астам қаражат жатқан көрінеді.

Нәзия ЖОЯМЕРГЕНҚЫЗЫ 

Серіктес жаңалықтары