Виза 1 жылға созылды

Виза 1 жылға созылды

Виза  1 жылға  созылды
ашық дереккөзі
262

Әсіресе, Қазақстан тарапынан берілетін Қазақстанға кіру визасының уақыты 3 үш айға дейін қысқарғандығы, олардың Қазақстан аумағында тұрақты тіркелу, азаматтығын алуға әжептәуір кедергі келтіріп келгенін айтқан едік. «Түркістанда» жазылған жайға Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі үн қатып, Қытайдан келетін қазақтарға берілетін визаның уақытын бір жылға созған екен. Қазақстанның ҚХР ШУАР аймағының Үрімжі қаласындағы Қазақстанның Виза және төлқұжат бөлімінің бастығы Ерлан Ибрагимовқа хабарласып, осы ақпараттың рас-өтірігін анықтап беруін сұраған едік. Ерлан мырза соңғы бір ай көлемінде Қытайдан келетін азаматардың визасын 1 жылға беру үрдісі қолға алынғандығын және ол тек ұлты қазақ азаматтар үшін жүзеге аса бастағандығын мәлім етті. 

«Түркістан» газеті жиі әңгіме етіп жүргеніндей, Қазақстанға кіру визасы уақытының аздығы және оның ары қарай созылмауы Қытайдан келетін қазақтардың Қазақстанда тұрақтап қалуына және тіркелуіне, азаматтығын алуына кәдімгідей тосқауыл болып келген болатын. Бұл проблеманың шешілуі – көші-қон саласындағы қордаланған біраз мәселелердің басын ашатын болады.

Есенгүл  КӘПҚЫЗЫ 

Серіктес жаңалықтары