Девальвация болмайды...

Девальвация болмайды...

Девальвация болмайды...
ашық дереккөзі
184

Алайда тамызда қызметіне қайта кіріскен Марченко мырза теңге девальвациясы болмайды деп сендіруде. «24kz» арнасының «Халықтық экономика» бағдарламасына берген сұхбатында Қазақстандағы қаржы  мәселелерінің басын ашқан еді бас банкир. 

– Дәл қазір девальвацияға ешқандай ішкі, сыртқы себептер жоқ. Теория жүзінде қандай да бір ішкі себептер болуы ықтимал, бірақ дәл қазір ондай дәнеңе жоқ. ЖІӨ жылына 5 пайыз өсуін жалғастырып келеді. Инфляция біздің орташа жедел дәлізімізден төмен, небары – 6-8 пайыз. Соңғы бірнеше айда жылдық инфляцияның деңгейі тұрақты түрде 5,9 пайыз көлемінде. Ұлттық банк пен Ұлттық қордың алтын-валюта активтері тұрақты, банк жүйесіндегі жағдай жақсы, ал халықтың салымдары бірнеше жыл қатарынан тұрақты түрде өсіп келеді. Яғни, ешқандай да ішкі себептер жоқ. 

–  Сыртқы себептер негізінен екіге бөлінеді: біріншісі – мұнай бағасы, ал екіншісі – рубльдің долларға шаққандағы бағасы. Бұлардың да жағдайы тұрақты. Brent маркалы мұнай бағасы барреліне – 108-109 доллар, рубль курсы – 1 АҚШ долларына 33 рубльден төмен. 

 – Бұл өсек-аяң мен соны пайдаланған арандатушылықтың кезекті толқыны. 2009 жылы 4 ақпанында девальвация жасалғаннан кейін мұндай алып-қашпа әңгіме елімізде 19 рет шықты. Соңғы бірнеше айда біраз тынышталған еді, әдетте көктемде басталатын бұл әңгіме. Бұл біздің елдегі үйреншікті үдеріс, өкінішке қарай. Осы қаңқу сөзді елге жайып, оларды арандатқысы келіп жүрген адамдардың негізгі айтар мысалдары мынау: «Иә, Қазақстанда бәрі тыныш, бірақ біз қазір Ресеймен бірге Кеден одағындамыз. Ал Ресейде рубль құнсызданып бара жатқандықтан, көп ұзамай теңге де құлдырайды, оның артынан мұнайдың бағасы да түседі» дегенге сая­ды. Бірақ егер жағдайға байсалды көзбен қарайтын болсақ, деректер мен мәліметтер мүлде басқаша «сөйлейді». Біріншіден, мұнай бағасын алып қарайық. Иә, оның бағасы көктемде біраз құлады, бірақ ол кезде девальвация туралы әңгіме болмағандықтан, ешкім шулаған жоқ. Ал қазір Brent маркалы мұнайының бағасы барреліне – 108-109 долларды құрап отыр. Бұл бізге пайдалы, өйткені бюджетте 1 баррель мұнайдың бағасы 90 долларға теңестірілген. 

– Ресей рублінің құлдырауы белгілі бір сандарды «сапырылыстырудың» кесірінен орын алып отыр. Адамдар өздеріне оңтайлы сандарды ғана таңдап алып, соларды ғана көпшілікке көрсетуде. Шындығында, жағдай анау айтқандай қиын емес. 2009 жылдың ақпанында теңге 1 долларға шаққанда 150 болса, рубль 36 болған. Ал қазір 1 долларға шамамен 33 рубль тең. Яғни, Ресейде доллар 36 рубльге теңескеннің өзінде, олар 2009 жылғы межеге келеді деген сөз. Егер «теңге-рубль» жұбын аталған мерзімде, яғни 4,5 жылда қарастырсақ, теңгенің рубльге байланысты жинақталған бағамының түсуі 15 пайызға теңесті. Сондай-ақ жыл басынан бері теңге долларға қатысты 2 пайыздай ғана әлсіреді. 

– Бірақ тағы да бір рет айта кеткім келеді, 2009-2012 жылдары Ұлттық банктің нетто интервенциясы нөлге тең болып тұрды. Ал 2013 жылдың бірінші жартысында біз неттоны нарықтан 300 миллион долларға сатып алдық. Сондықтан 3,5 жыл бойы валюта нарығында тыныш та тұрақты жағдай үстемдік етті. Алайда қазір алып-қашпа әңгіменің кезекті толқыны бұл күйімізді шайқалтып кетті. Дейтұрғанмен, бізде ресурстар жетіп-артылады және кенеттен әрі күрт түсетін девальвацияны ешкім де жоспарлап немесе жасайын деп жатқан жоқ, – деп түйіндеді Григорий Марченко.

Дайындаған Ақниет ОСПАНБАЙ 

Серіктес жаңалықтары