ЖАҢА СҮРЛЕУГЕ АЯҚ БАССАҚ...

ЖАҢА СҮРЛЕУГЕ АЯҚ БАССАҚ...

ЖАҢА СҮРЛЕУГЕ АЯҚ БАССАҚ...
ашық дереккөзі
388

 Алайда қазіргі төраға Григорий Марченконың демалыста екенін, әлі отставкаға кетпегенін және 20 маусымда демалысы аяқталатынын ескерсек, бұл жорамалдарды орынсыз деп табуға болады. Десе де Марченко мырза өзінің зейнетке шығуға дайын екенін өз аузымен айтқаны бар.

Таяуда «Рейтинг.kz» зерттеу агенттігі еліміздің қаржы институты саналатын Ұлттық банктің бірінші басшыларының кәсіби және іскерлік қасиеттерін объективті бағалау үшін сауалнама жүргізген болатын. Нәтижесінде үздік үштікке ҚР Ұлттық банкін бұрын басқарған Дәулет Сембаев, Ораз Жандосов пен Әнуар Сәйденов кіріпті. Ал Ұлттық банкке 9 жылға жуық төрағалық етіп келе жатқан Григорий Марченко 4-орынға орналасыпты. Сірә, оның рейтингіне соңғы кездері теңгенің бағамы құлдырап бара жатқаны әсер етсе керек. Жалпы, Ұлттық банк тарихында 6 төраға болған. Соның бірі – Ғалым Байназар. Қаржыгерлердің келесі басшы туралы пікірін сұрадық.

Ғалым Байназар, қаржыгер:
– Иә, Ұлттық банктің басшысының ауысуы мүмкін. Оған қандай басшы келетінін қазір болжап айта алмаймын. Келген басшы қазіргі қаржы секторын қалай да дамытуды мақсат етіп қою керек, ол міндетті де. Әйтпесе біз Марченко салған сүрлеумен жүре береміз. Ресей де елдегі экономикалық ахуалын жақсарту үшін Орталық банктің басшысын ауыстырды. Банк жүйесі экономиканың өсуіне септігін тигізеді. Сондықтан біздегі қаржы саясатын, банктің ұстанымын түбегейлі өзгерту қажет. Экономика көрсеткіші дамудың орнына жылдан жылға әлсіреп барады. Экономика тірегі – несиелеу коэффициенті десек, нақ осы этапта несиелеу коэффициентін көбейту қажет. Онсыз болмайды.

Олжас Құдайбергенов, Макроэкономикалық зерттеу орталығының директоры:
– Биыл 15 қарашада ұлттық валютамыз – теңгеге 20 жыл толады, олай болса Ұлттық банк басшысының отставкаға мерейтойдан кейін кеткені орынды деп ойлаймын. Бірақ Президенттің зейнетақы реформасын шала іс деп тауып, Ұлттық банкке қатысты сын айтқанына қарағанда, Марченко орнын ертерек босатуы мүмкін. Оған қоса Марченко мырза өзіне қатысты айтылған сынмен келіспейтінін ұқтырған.
Жаңа зейнетақы реформасын Марченконың әуелде жақтаған, дат­тағаны туралы білмеймін. Меніңше, реформаның көпшілік алдындағы жақтаушысы, әсіресе зейнет жасын ұлғайтуды қос қолдап қолдаған сол. Реформаны талдаудың төмен деңгейде өткені жасырын емес.
Әлеуметтік желілерде қазіргі Қаржы министрі Болат Жәмішев мырза Ұлттық банк төрағалығына келеді деген болжамдар айтылды. Басқа да үміткерлердің болуы мүмкін.
Еліміздегі қаржы жүйесі құры­лы­мының іргетасы 90-жылдары қаланды. Сондықтан бүгінгі таңда ол ескіріп қалғаны рас. Мінсіз құ­рылым болмайды, бірақ жүйе ес­кірген сайын олқылықтары да көбейе түседі. Ал осы құрылымды тұрғызған сәулетшінің психологиялық тұрғыдан өз қателіктерін мойындағасы кел­мей­тіні анық, оның жетістігі осы жүйеге негізделген болса, қателіктерді тіпті көрмейді. Менің білуімше, Жәмішев мырза қаржы-несие саясаты экономика қажеттіліктеріне сәйкес келетіндей төңкеріс жасай алады.

Дайындаған
Ақниет ОСПАНБАЙ

Серіктес жаңалықтары