МАҚСАТЫМЫЗ – ДАМУҒА ҮЛЕС ҚОСУ
МАҚСАТЫМЫЗ – ДАМУҒА ҮЛЕС ҚОСУ
Компанияның мыңдаған мұнайшысы экономиканың іргелі секторының өркендеуі жолында табысты еңбек етуде. Мұны Компанияның осы жылдың жарты жылында атқарған жұмыс нәтижелері айғақтап отырғандай. Компания өз жұмыскерлерінің өндірісте қолайлы жағдайда еңбек етіп, әлеуметтік қорғалуына барынша жан-жақты қолдау көрсетіп отыр. Сондай-ақ өндірісті жаңғырту бағдарламасы аясында да қарқынды жұмыстарды іске асыруда.
ҚМГ БӨ жуырда ғана осы жылдың алғашқы жартыжылдығының операциялық нәтижелерін, жаңғырту бағдарламасының ағымдағы ахуалын, 2012 жылы құрылған екі жаңа сервистік компанияның операциялық қызметінің нәтижелерін, Федоровский блогындағы бұрғылаудың қорытындысын және Лиман блогындағы сынама эксплуатацияның басталуы туралы баспасөз хабарламасын таратты. Нақты деректерге сүйенсек, «ҚазМұнайГаз»Барлау Өндіру» АҚ биылғы жылдың алғашқы алты айында өнім өндіруде жағымды көрсеткіштерге қол жеткізіпті. Мәселен, ҚМГ БӨ-нің «Қазгермұнай» БК» ЖШС, «CCEL» және «ПетроҚазақстан Инк.» компанияларындағы үлесін есептегенде, шоғырландырылған өндіру 6 092 мың тоннаны құрады, бұл 2012 жылдың осындай кезеңінен 1 пайызға артық көрсеткіш болып отыр. Бұл орайда ҚМГ БӨ бас директоры Абат Нұрсейітов: «2013 жылдың алғашқы алты айының нәтижелері ҚМГ БӨ-нің жақсы қарқын алып, ағымдағы жылға қойылған жоспарларды табысты іске асырып отырғанын көрсетеді. Біз Қазақстандағы жетекші мұнайгаз компанияларының бірі болу жолындағы бағытымызды нығайту үшін қуаттылығымызды жоспарлы түрде дамытып келеміз. Біздің негізгі міндеттеріміз – бұл шоғырландырылған өндіру көлемін ұлғайту, геологиялық барлау жұмыстары және жаңа активтерді сатып алу арқылы көмірсутегі қорын арттыру және толықтыру, сондай-ақ негізгі кен орындарында өндірісті оңтайландыру», – деп мәлімдеді. 2013 жылдың маусымында «Өзенмұнайгаз» АҚ-ында тәуліктік мұнай өндіру 14,5 мың тоннаны құрады. Өндіріс қарқынын дамытып келе жатқан «Өзенмұнайгаз» былтырғы кезеңмен салыстырғанда, 9 пайызға артық көрсеткішке қол жеткізіпті. Операциялық қызметтерге тоқталсақ, ҚМГ БӨ-нің «Қазгермұнай» БК» ЖШС, «CCEL» , «ПетроҚазақстан Инк.» компанияларындағы үлестерін есепке алғанда, 2013 жылдың алғашқы алты айында 6 092 мың тонна мұнай өндірді, бұл 2012 жылдың осындай кезеңінен 1 пайызға артық.
Болжам мен жоспарлауды ұнататын есептік көрсеткіштер мүлт кеткенді кешірмейді. Сол себепті, биылғы шілде бойынша тәуліктік өндіру бағыты Компанияның алдын ала құрған жоспарына толықтай сәйкес келеді. Яғни, 2013 жылға арналған 8 152 мың тонна деңгейіндегі өндіру жоспары сақталып отыр.
Іргетасы былтыр қаланған Бұрғылау жұмыстары басқармасы құбыржүйесі мен ұңғыларға жөндеу қызметін көрсетеді екен. Ал «Технологиялық көлік және ұңғыларға қызмет көрсету басқармасы» ЖШС ұңғыларға жерасты және күрделі жөндеу, жол-құрылыс жұмыстары бойынша, мұнай өндіру компаниялары үшін экипажбен техникаларды жалға берілуіне тиісінше қызмет көрсетіп отыр. Аталған екі компания да жеткілікті жұмыс көлемімен қамтамасыз етілген, өндірістік жоспарға сәйкес орындауда. Биылғы жартыжылдықта БЖБ 25 ұңғыға күрделі жөндеу және 1 489 ұңғыға жерасты жөндеу жұмысын жүргізді. 2013 жылы сәйкесінше, 50 және 2 928 ұңғыға күрделі және жерасты жөндеуін жүргізу жоспарланған. Технологиялық тұрғыда көрсетілетін көмекке келсек, алғашқы алты айда 23 ұңғы күрделі жөндеуден өткізіліп, 319 ұңғыға жерасты жөндеулері жүргізілген. Жүргізілген бұл іс-шаралардың тиімділігі өндірістік жоспардың орындалуына өз септігін тигізбек.
«ҚазМұнайГаз»Барлау Өндіру» АҚ биылғы жылдың маусымында іске қосылған Өзен кен орнындағы Диагностикалау және жерасты жабдықтарын жөндеу цехының жұмысына да үлкен үміт артып отыр. Цех жерасты жабдықтарын жөндеу жұмысының сапасын жақсартып, оларды пайдалану мерізімін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Өндірістің тағы бір жаңалығы – Өзенмұнайгазда ұңғыларды бастыру үшін сұйықтық дайындауға арналған жабдық құрылысының аяқталуы болып отыр. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірісінде де жаңалықтар бар. Осы жылдың шілдесінде Шығыс Мақат кен орнында ілеспе газды кәдеге жаратуға арналған жабдықтың құрылысы аяқталды. Жылына 40 млн.куб жобалық қуаттылығы бар жабдық тазартылмаған газды жағуды тоқтатуға мүмкіндік береді. Қайта өңделген газ тиісінше кәдеге жаратылатын болады.
ҚМГ БӨ-нің Федоровский блогындағы барлау қызметінің нәтижелері туралы ақпаратына сүйенсек, осы жылдың наурызында аталған блокта бұрғыланған тұзасты ұңғысын тестілеу кезінде 11 мм штуцерде тәулігіне 239 450 м3 деңгейінде газ ағыны және тәулігіне 247 м3 деңгейінде конденсат алынған. Сондай-ақ Компания Оңтүстік Шығыс Новобогат кен орны карнизүсті Лиман блогында сынама пайдалануды осы жылдың соңына дейін бастауды жоспарлап отыр.
«ҚазМұнайГаз»Барлау Өндіру» АҚ және оның компаниялар тобы өндірістің сан-салалы буынындағы қызметті нәтижелі атқарып, өнім қорының ұлғайып, табыс биігінен табылу жолында жемісті еңбек етуде.
Алтынай АЙДАРҚЫЗЫ