Жолаушылар саны артты

Жолаушылар саны артты

Жолаушылар саны артты
ашық дереккөзі
279

Алдыңғы
жылдары компания өз меншігіне екі меншікті ұшақ – жетінші аймақтық Embraer 190
және Airbus А320 үлгідегі он екінші ұшақты алған болатын. Бұл кемелер
компанияның өз қаражаты мен экспорттық-кредиттік қаржыландыру есебіне сатып
алынған.

«Эйр
Астана» ұлттық компаниясының бағыттары да кеңейтілді. Бүгінде ұшақтар әлемнің
кез келген нүктесіне тікелей жол тартады. Компания 43 халықаралық және 20 ішкі
бағыттар бойынша қатынайды. 2013 жылдың бірінші жарты жылдығында Алматы –
Хошимин, Атырау – Мәскеу, Алматы – Киев, Астана – Киев, Астана – Орынбор,
Астана – Бішкек және Алматы – Көкшетау жаңа рейстері ашылып, қатынас жиілігі
жылдамдады. 

– Әдетте
әуе индустриясы үшін бірінші жарты жылдық төмен көрсеткішті мерзім болып
табылады, биыл бірінші жартыжылдықта осы жағдай қайталанды. Сонда да нәтижелер
қанағаттанарлық және олар Киевке жаңа бағыттарды енгізуімен және Turkish
Airlines компаниясымен кодшерингтік келісімге қол қою арқасында Ыстамбұлға
жолаушылар тасқынның анағұрлым өсуімен байланысты, – деді әуекомпанияның
президенті Питер Фостер. 

Ағымдағы
жылы «Эйр Астана» IATA (IOSA) пайдалану қауіпсіздігі бойынша үшінші аудитті
сәтті өтіп, маусым айында Skytrax агенттігінің 4 жұлдызды рейтингін растады.
Сөйтіп Ле Бурже Халықаралық авиасалонында «Орталық Азияда және Үндістанда үздік
әуекомпаниясы» болып атанды.

Серіктес жаңалықтары