325
Алматыда азаматтарды әскерге тіркеу жұмыстары басталды
Алматыда азаматтарды әскерге тіркеу жұмыстары басталды
2019 жылғы қаңтар мен наурыз аралығында 2002 жылы туған 7000 қазақстандықтарды әскери есепке тіркеу тәртібі бойынша әскери есепке алынады.
Азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу – бұл әскерге шақыру жасына дейінгілерді әскери есепке қою үшін жергілікті әскери басқару органдарымен бірлесіп, тиісті жергілікті атқарушы органдар жүргізетін әскери есепке алу іс-шаралары болып табылады.
Тіркелу жылы 17 жасқа толатын Қазақстан Республикасының ер азаматтары әскерге шақыру учаскелеріне тіркелуге жатады. Тіркеуге келу туралы азаматтарды хабарлау жергілікті әскери басқару органдарымен шақыру қағазы арқылы жүргізіледі. Жергілікті әскери басқару органдарына шақырылатын барлық азаматтар шақыру қағазында көрсетілген құжаттармен уақытында шақыру учаскесіне келеді.
ЖӘБО уәкілді тұлғасы ұсынылған құжаттар бойынша азаматтармен әңгімелесу жүргізеді.
Сонымен қатар, одан әрі азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу кезінде әскери қызметке жарамдылық дәрежесін белгілеу үшін Әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидаларында айқындалған тәртіппен медициналық комиссиядан өтеді.
Шақыру учаскесіне тіркеуге алынған азаматтарға шақыру учаскесіне тіркеу туралы куәлік беріледі. Тіркеуге алу барысында ҚР ҚМ ЖОО-на түсу бойынша үгіт-насихат жұмыстары жүргізіледі. Жастарға әскери қызметтің жетістігі туралы айтылады. Азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу Қазақстанда жыл сайын өткізіледі. Әскери тіркеу кезінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің жоғары оқу орындары мен Кадет корпусына, басқа да әскери оқуорындарына түсуге, оны аяқтаған соң болашағы туралы үгіт-насихат жұмыстары жүргізілетінін атап өткен жөн.