Асқар Мамин Түркістандағы құрылыспен танысты

Асқар Мамин Түркістандағы құрылыспен танысты

Асқар Мамин Түркістандағы құрылыспен танысты
ашық дереккөзі
225
ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин жұмыс сапарымен Түркістан облысына келді. Сапары барысында аймақ басшысы Жансейіт Түймебаев Түркістан қаласында жаңадан бой көтеретін нысандардың құрылыс жұмыстарымен таныстырды.  width= Қонақтар алдымен құрылысты жүргізетін компаниялардың жұмысшыларымен кездесіп, олардың еңбек жағдайымен танысты. Түркістан қаласының бас жоспары бойынша 7,7 гектар аумаққа әкімшілік іскерлік-орталығы салынатын болады. Онда облыс әкімшілігі, басқармалар мен аумақтық департаменттер үйінің ғимараттары бой көтереді. Құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың қаңдар айында басталып, 2020 жылдың наурыз айында аяқталады деп күтілуде. Сондай-ақ, Астана қаласының тапсырысы бойынша шаһардың шырайын арттыратын «Астана» алаңы бой көтеретін болады. Оның құрылыс жұмыстары 2019 жылдың наурыз айында басталып, 2020 жылдың желтоқсан айында аяқталады. 4,7 гектар аумаққа салынатын нысанның құрылыс жұмыстарына 100 адам жұмылдырылмақ. Сонымен қатар, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының тапсырысымен 1000 адамға шақталған Конгресс орталық салынатын болады. Мәдени ошақтың құрылыс жұмыстары келесі айда басталып, 2020 жылдың соңында аяқталады. Нысанның жалпы аумағы 3 гектарды, ал ғимараттың жер көлемі 14 200 шаршы метрді құрайды. Одан бөлек, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы Оқушылар сарайының құрылысын жүргізуге тапсырыс жасаған. 1 гектар жердің 10 000 шаршы метріне заманауи үлгідегі сәулетті ғамарат тұрғызылатын болады. Құрылыс жұмыстары осы жылдың ақпан айында басталып, 2020 жылдың желтоқсан айында пайдалануға беріледі. Айта кетерлігі, бүгінде Түркістан қаласында салынатын ғимараттардың жер телімдері белгіленіп, жобалар бекітілген.

Серіктес жаңалықтары