"Арчери - биатлон" жаңа спорт түрін меңгерді

"Арчери - биатлон" жаңа спорт түрін меңгерді

"Арчери - биатлон" жаңа спорт түрін меңгерді
ашық дереккөзі
298
Алматы әскери-патриоттық клубтың тәрбиеленушілері "Арчери - биатлон" жаңа спорт түрін меңгерді. Алматыда Қазақстан Президентінің Қазақстан халқына жолдауын жүзеге асыру аясында "Арчери - биатлон" спорт түрі Қазақстанда жаңадан спорттық сабақ ретінде енгізіліп отыр.  width= Бұл спорт түрі бұрын-соңдя Қазақстанда болмаған. Тұңғыш рет елімізде өткізілуде. Спорттық іс-шарада 1 облыстық балалар үйінің тәрбиеленушілері, 21 мектеп-гимназиясының оқушылары, 8 АКТжФ колледжінің студенттері, жалпы білім беретін 19 және 44 мектеп оқушылары қатысты. Дәстүрлі биатлоннан "Арчери-биатлонының айырмашылығы садақ және жебені қолдану. Осы спорттың түрін өткен ғасырда италиялықтар ойлап тапқан және бұл жарыс түрі бірінші рет Австрия мен Италияда өткізілген.  width= "Әскери-патриоттық тәрбие жастардың патриоттық сезімін қалыптастыру бойынша ең маңызды тәрбие құралдарының бірі болып табылады. Спорттық жарыстарда командалық жарысқа түсу жаңа жетістіктерге жетуге, достық және бауырмашылдық сезімді оятуға, ұжымдық бірлестікті, жалпы қызығушылықты, бірлікке ұмтылуға шақырады", - деді Алматы қаласы бойынша Әскери-патриоттық клубтың жетекшісі Бақытжан Перимбет.

Серіктес жаңалықтары