Бұқаралық спорт дамып келеді

Бұқаралық спорт дамып келеді

Бұқаралық спорт дамып келеді
ашық дереккөзі
787
Елімізде бұқаралық спортты дамыту мәселесіне айтарлықтай көңіл бөлініп келеді. Елбасы «Жаңа онжылдық  – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында 2020 жылы бұқаралық спортпен шұғылданушыларды 30 пайызға жеткізуді жүктегені белгілі. Бүгінде осы мақсатқа қол жеткізу үшін өңірлерде спорт нысандары көптеп салынуда. Салауатты өмір салтын жаппай ұстану сәнге айналған. Кез келген отбасы балаларын арнайы спорттық үйірмелерге беруге тырысады. Үлкен шаһарларда салынып, пайдалануға берілген спорт кешендері халықтың игілігі үшін жұмыс істеуде. Себебі бұқаралық спортты дамытудың алғышартының бірі – спорттық ғимараттарға қолжетімділік. Осы тұрғыда қабылданған «Қолжетімді спорт» жобасының тигізер септігі көп. Бүгінде Маңғыстау облысы да көштен қалған жоқ. Аймақта соңғы жылы шамамен 20 әмбебап спорт алаңдары ашылып, 11 ірі спорт нысаны салынды. Бір айта кетерлігі, бұл кешендер мемлекет қаржысына емес, жеке инвесторлардың қолдауымен жүзеге асқан. Биыл Ақтау қаласында бокс орталығы мен Мұз сарайының құрылысы басталса, Бейнеу, Сенек, Маңғыстау елді мекенінде спорт кешендері бой көтеруде. Сондай-ақ, футболды дамыту мақсатында Мұнайшы стадионы қайта жабдықталып, жаңа футбол алаңы пайдалануға берілді. Маңғыстау облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының бастығы Нұрбек Қарабалаевтың айтуынша, 2018 жылы өңірде 12 спорттық кешеннің құрылысы басталды. «Бұқаралық спортты дамыту бағдарламасы алдымен спорттық нысандарды салуды көздейді. Былтыр 19 жазғы спорттық алаң ашылды. Оның бесеуі – көпқызметті кешен. Ал салынып жатқан спорттық сарайында ауыр атлетиканың бәрі болады. 1500 адамға арналған кешеннің жанында 99 адамдық қонақүй салынуда. Мұның бәріне қаржыны инвесторлар құйып отыр», – дейді  Нұрбек Қарабалаев.

Серіктес жаңалықтары