288
Аналар тұрғын үй мәселесін шешуді талап етті
Аналар тұрғын үй мәселесін шешуді талап етті
15 сәуірде ондаған көпбалалы ана тұрғын үй мәселесін шешіп беруді талап етіп, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне тағы барды.
Көпбалалы аналар тұрғын үйді алғашқы жарнасыз алатындай етіп, жеңілдік жасауын сұрайды. Әйелдермен кездесуге еңбек министрінің орынбасары Светлана Жақыпова шықты. Олар вице-министрге ата-аналарының алатын зейнетақысы табыс көзі ретінде есептелетініне наразылық білдірді. Жақыпова болса аналар талабын тыңдап, арыздарын өзі қабылдап алуға дайын екенін жеткізді.
"Қажетті заң қабылданды. Қазіргі кезде жұмыспен қамту орталықтарында құжаттарды қабылдау жүріп жатыр. Министрлік жергілікті атқарушы биліктермен бірігіп жұмыс істейді", - деді вице-министр.
11 сәуірде көпбалалы аналар еңбек министрлігі алдында наразылық акциясына шыққан кезде әлеуметтік жәрдем алу үшін құжаттарды өткізудің қиындығын айтып шағымданған. Сол кезде вице-министр Жақыпова бұл ақпаратты теріске шығарған.