548
Түймебаев тренингке қатысты
Түймебаев тренингке қатысты
Бүгін 2019 жылғы 16 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Жансейіт Түймебаевтың қатысуымен ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «PRодвигай себя» өзін-өзі ілгерілету, өзіндік маркетинг және пиар жасау стратегиялары бойынша тренинг өтті.
Іс-шараға ҚХА-ның «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының мүшелері, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздары, ЭМБ жастар қанаттарының көшбасшылары, белгілі блогерлер және белсенді жастар қатысты.
Тренингті жүргізіп отырған ҚХА «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының төрағасы Максим Споткай іс-шараны бастау үшін Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Ж.Түймебаевқа сөз берді.
Қатысушыларға арнаған сөзінде ҚХА Төрағасының орынбасары
9 маусым күні өтетін кезектен тыс президенттік сайлаудың маңыздылығын атап көрсетті. Спикер президенттік сайлаудың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді.
Хатшылық меңгерушісі Елбасының Жастар жылын ашу кезінде Үкіметке нақты тапсырмалар бергенін және қазақстандық жастарға үлкен сенім артқанын еске алды. Бұл тапсырмаларда жастарды қолжетімді әрі сапалы біліммен, жұмыспен, баспанамен қамтамасыз ету және отбасын құруға мүмкіндік туғызу мәселесін алға тартқан болатын.
Жансейіт Қансейітұлы атап өткендей, Ассамблея биылғы жылы өз қоржынын жаңа жобалармен толықтырғанына тоқталып, Елбасының «Қазақстанның 100 есімі» жобасы әртүрлі ұлт өкілдерінен шыққан табысты жастардың басын қосқанын атап көрсетті.
«Жастарымыз өздерін заман ағымына сай жеке тұлға ретінде қалыптастырып, өз идеялары мен жобаларын лайықты жүзеге асыра алатынына сенімдімін»,- деді Ж.Түймебаев.
Іс-шарада «Родина» селолық округінің әкімі Белла Газдиева ауыл жастарын қолдау және дамыту жөніндегі ойларын ортаға салып,
жастар саясатын дамытуға үлес қосатынын жеткізді.
«Пифагор» мектебінің негізін қалаушы Асан Жолдасов пен жеке кәсіпкер Ларион Лян өз кәсібін Қазақстанға танымал ету тәжірибесі туралы әңгімеледі. Тренинг соңы сұрақ-жауап түріндегі еркін пікір алмасуға ұласты.