605
XI республикалық студенттік пәндік олимпиада өтті
XI республикалық студенттік пәндік олимпиада өтті
1-18 сәуір аралығында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы қоры және Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы бірлесіп ұйымдастырған XI Республикалық студенттік пәндік олимпиадасы өз мәресіне жетті.
Тәуелсіз еліміздің болашағы – жастарды қолдау мақсатында ұйымдастырылған шара болашақ мамандардың кәсіби мүмкіндіктерін дамыту, білім алушының оқу танымдық белсенділігін ынталандыру, дарынды білім алушыларды іріктеу және оларға шығармашылық серпін беруді көздеді. Республикамыздың түкпір-түкпірінен жоғарғы оқу орындарының 350-ге жуық студенттері 12 мамандыққа қарасты 16 номинация бойынша сайысқа түсті. Олардың ішінен іріктеліп, 80 нен астам дарынды өнерпаздар лауреат атанды.
«Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін биылғы өнер мен білім додасының ерекшелігі ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев жариялаған «Жастар жылы» аясында өтті. Республикалық студенттік пәндік олимпиаданы ұйымдастыруға қолдау білдірген ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы қорына алғыс білдіремін. Мұндай іc шаралар келешек ұрпақтың өнерге деген қызығушылығын арттырып, бәсекеге қабілетті ұлт болуға өз септігін тигізеді деп ойлаймын. Өнер сайысы биыл да жоғары деңгейде өтті. Алдағы уақытта да еліміздің дарынды жастарының басын қосатын шарамыздың аясы кеңейіп, жалғасын табады деген үміттемін. Барлық жеңімпаздарды өз атымнан құттықтаймын», - деді өз сөзінде Құрманғазы атындағы ҚҰК ректоры Арман Жүдебаев.
«Халық әні» номинациясы бойынша 2 орынды иеленген Атырау қаласынан келген Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік педагогикалық университетінің студенті Қабыланбеков Айбек: «Осындай қиырда жатқан Алатау баурайындағы Алматы қаласына келіп, ұлттық өнеріміздің қара шаңырағы саналатын Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында байқауға қатысып жүлдегер атану мен үшін үлкен мәртебе. Олимпиадаға жан-жақтан келген қатысушылармен танысып, ой бөлісіп осы жерден көп нәрсе алдым деп айта аламын. Ұйымдастырушыларға, біздерді бағалаған қазылар алқасына рахметімді айтамын».
«Баян, аккордеон» номинациясы бойынша 1 орынды иеленген Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенті Дәулетқан Мәди: «Қазақстанның көптеген оқу орындарынан келген қатысушылар арасында бірінші орынның бұйырғанына әрине қуаныштымын. Мұндай жарыстардың шығармашылық мамандықта білім алатын біз сияқты ізденуші жастарға пайдасы мол ғой. Тәжірибе алмасасың, өсесің дегендей. Олимпиада ұйымдастырушыларына және ұстазыма алғысымды білдіремін».
XI Республикалық студенттік пәндік олимпиадасының жеңімпаздары:
- «ДОМБЫРА» номинациясы
- «ФОЛЬКЛОРЛЫҚ АСПАПТАР» номинациясы
- «ХАЛЫҚ ӘНІ» номинациясы
- «ҚОБЫЗ-ПРИМА» және «БАЯН, АККОРДЕОН» номинациясы
- 5. «ЖАЛПЫ ФОРТЕПИАНО» номинациясы
- «ФОРТЕПИАНО» номинациясы
- «ҰРМАЛЫ ЖӘНЕ ҮРМЕЛІ АСПАПТАР» номинациясы
- 8. « ІШЕКТІ АСПАПТАР» номинациясы
- 9. «АРТ-МЕНЕДЖМЕНТ» номинациясы
- 10. «ХОРДЫ ДИРИЖЕРЛАУ» номинациясы
- КОМПОЗИЦИЯ «ТҮПНҰСҚАДАҒЫ ШЫҒАРМАЛАРДЫ ОРЫНДАУ» номинациясы
- 13. «КОНЦЕРТТІК-КАМЕРАЛЫҚ ӘН САЛУ» номинациясы
- «МУЗЫКАЛЫҚ БІЛІМ» МАМАНДЫҒЫ «МУЗЫКА ПӘНІ МҰҒАЛІМІНІҢ ХОРМЕИСТРЛІК ДАЙЫНДЫҒЫ» номинациясы
- «МУЗЫКАЛЫҚ АҒАРТУШЫЛЫҚ: ИНТЕГРАЦИЯЛАНҒАН ТӘСІЛДЕР» номинациясы