Адамды жасартатын тағамдар анықталды

Сонымен қатар жемістер, жаңғақ пен дәндердің құрамындағы бай дәрумендер мен минералдар теріні қартаюдан сақтайды.

Адамды жасартатын тағамдар анықталды
1675

Диетолог Софи Тротман адамды жасартатын әрі әжімнің алдын алатын тағам түрлерін атады деп хабарлайды turkystan.kz.

Диетологтың пікірінше, майлы балық жеген адамның терісі жақсы сақталады. Арқан балық, скумбрия, хамса балық, майшабақ пен сардинада омега-3 майлы қышқылдары теріні майда әжімдерден табиғи түрде қорғайды және ылғалдандырады деп түсіндіреді маман.   

Теріге жағымды әсер ететін тағамның бірі – авокадо. Тротманның айтуынша, жемістің құрамындағы моноқанықпаған май қышқылдары теріні ылғалдандырады әрі созылмалы етеді.  

«Авокадо терінің бұзылуының алдын алатын Е дәруменіне, антиоксидантқа бай», – деп толықтырды диетолог.

Теріні жас қалпында сақтау үшін рационға батат (тәтті картоп) қосу керек дейді маман. Тәтті картопқа қызғыл сары түс беретін каротиноид теріні жылтыратады, ал бета-каротин жасушалардың жаңаруына көмектеседі.

Сонымен қатар жемістер, жаңғақ пен дәндердің құрамындағы бай дәрумендер мен минералдар теріні қартаюдан сақтайды.

 

 

Серіктес жаңалықтары