4751
Жаяу жүрудің 20 пайдасы
Күн сайын жарты сағаттан таза ауада жүру адам өмірін 2 жылға ұзартады.
Жаяу жүру – адам үшін алғашқы көрсетілген медициналық көмек. Күн сайын жарты сағаттан таза ауада жүру адам өмірін 2 жылға ұзартады. Дегенмен техниканың қарқынды дамыған заманда кейде бір сәт далада жүріп. демалуды ұмытып кетеміз.
Дәрігерлердің зерттеуі бойынша, ағзадағы жүрек-қан тамырларының жұмысы жақсы болуы үшін әрбір адам күніне 10 мың қадам жасауы тиіс. Ендеше жаяу жүрудің жиырма негізгі пайдалы тұсын ұсынамыз:
- Жүрек ауруы болмауына себеп
- Артық салмақтан сақтайды
- Мықты антидепрессант
- Белсенді болуға көмектеседі
- Көңіл күйді дұрыстайды
- Қан айналымы жақсарады
- Семіздіктен сақтайды
- Уйымды сейілтеді
- Өкпе қызметін жақсартады
- Күннен қуат алады
- Рак дертін болдырмауға себеп
- Ұйқыны жақсартады
- Спорттың түрі
- Спорттан кейін дененің тез қалыпқа келуіне себеп
- Өмір сапасын көтереді
- Қант диабетін болдырмауға себеп
- Жақсы идея шығуына себеп
- Бұлшық еттер қатаяды
- Қан қысымын жақсартады
- Иммунитетті жақсартады