Астанадан Павлодарға жолға шыққан бір отбасы жоғалып кетті

Еріктілер бұл адамдарды көрген-білгендер болса, 102 нөміріне немесе мына адамдарға хабарласуын сұрайды.

Астанадан Павлодарға жолға шыққан бір отбасы жоғалып кетті
vseobovsem_pvl
5932

10 ақпанда Астанадан Павлодарға жолға шыққан 71 жастағы Бейбіткүл Мұхамеджанова мен оның екі баласы хабар-ошарсыз кеткен. Бұл туралы «Павлодар қаласы бойынша іздеу салу» еріктілер ұйымы хабарлады.

Еріктілердің мәліметінше, Бейбіткүл Мұхамеджанованың ұлы Бауыржан Смағұлов 44 жаста, ал, қызы Әлия Мұхамеджанова 39 жаста. Үшеуі 10 ақпан күні Астанадан Павлодарға қарай бет алған, бірақ діттеген жеріне жеткен-жетпегені белгісіз.

«Олардың қайда екенін ешкім білмейді, байланысқа шықпаған», - деп жазады еріктілер.

Бейбіткүл Мұхамеджанова қара ұзын тон, қара шалбар, қара етік киіп жүрген. Қолында қою жасыл сөмкесі бар. Бауыржан Смағұлов қара күрте мен қара джинсы шалбар, қара тымақ және қара етік киген. Әлия Мұхамеджанлва да тізеге жететін қара тон, қара шалбар, ақ тымақ пен қара түсті етік киген.

Еріктілер бұл адамдарды көрген-білгендер болса, 102 нөміріне немесе мына адамдарға хабарласуын сұрайды.

Катерина +7 747 615 55 63,

Светлана +7 777 334 82 01.

Серіктес жаңалықтары