Басылым Мұстафа Шоқайдың түбі бір түркі жұртының отын өшірмеу идеясын, асыл арманын қайта жаңғыртты. Осы қасиетті идеология бүгінде Түркі жұртының қара шаңырағы – Túrkistan басылымының мұратына айналды.
Ағалар салған абыройлы жолдан айнымауды, аманатқа қиянат жасамауды ойлап, Túrkistan-ды сол биігінен түсірмеуге тырыстық.
1994 жылы жарыққа шыққан халықаралық Túrkistan әлі күнге дейін бұрынғы биігінен төмен түскен жоқ.
Túrkistan газеті. Газет қазір аға қалыптаған нұсқасынан да жанданып, жаңара түскен. Ойы ширап, бойы нығайған. Отызға толып, ордасы кеңейген. Меніңше, баяғы балғын басылымды қанатын қатайтып, ел сөзінің мінберіне айналдыра білген шымыр шәкірттеріне Қалтай ағаның рухы риза болуға тиіс.