Turkystan.kz порталының тілшісі
Индонезияда арты цунамиге ұласқан жер сілкінісінен көз жұмғандар саны 1 мың 944 адамға жетті. Жергілікті БАҚ құралдарының мәлімдеуінше, қаза тапқандардың көбі Палу қаласының оңтүстігіндегі сазға көміліп қалған. 5 мыңға жуық адам із-түзсіз жоғалып кеткен. Индонезия билігі құтқару жұмыстарын қазанның 11-іне дейін жалғастырмақ. Сол себепті қайтыс болғандардың саны артуы мүмкін. Индонезия Тынық мұхитындағы от шеңбері деп аталатын аймақта орналасқандықтан, тектоникалық плиталардың қозғалысы жиі байқалады. Жыл сайын сейсмологтар 4 балдан асатын 6 мыңдай жер сілкінісін тіркеп отырады.
Құрақ көрпе тіккен қалалықтар әлемдік рекорд орнатты
Демография: Көп ұлт алып та жығады, шалып та жығады