"..Мен шетелге кеткен ғалымдарды кінәлай алмаймын. Олар шетелге көңіл көтеруге, қызық қууға бармайды, білім-ғылым іздеп жолға шығады. Біз елімізде олардың жұмыс істеуіне жағдай жасай алмасақ, ең болмағанда жолын байламайық. Шетел шақырса, бағаласа, мүмкіндік берсе, бара берсін. Ал білімді жастардың өз Отанына қызмет еткенін қалайтын жұрт оларға жақсы жағдай жасауы керек".
Биылғы жылдан бастап Қазақстан бойынша Наурыз мерекесін жаңа форматта тойлаудың мәні не, онда қандай шаралар жүзеге асады десек, енді Наурыз мейрамы біртұтас онкүндік мерекеге айналып отыр. Яғни, енді жыл сайын 14-23 наурыз аралығында Наурызнама онкүндігі өтеді. Бұл орайда Наурыздың бірегей логотипі бекітіліп, ол еліміздің барлық аймақтарында бірдей қолданылатын болады.
Еліміз тәуелсіздігін алып, еңсесін тіктеген соң, 2008 жылдан бастап Амал тойы – ел тойы деп, Отпан таудың басында ат шаптырып, дүбірлі етіп дүркіретіп өткізу енгізілді. Отпан тау – Маңғыстау облысындағы ең биік нүкте. 2007 жылы оның құрметіне «Отпан тау» тарихи-мәдени кешені ашылды. Содан бері 14 наурыз күні Қаратаудың ең биік шоқысында қалың жұртшылық жиналып, ақшаңқан үйлер тігіліп, бір-бірімен арқа-жарқа көрісіп, ұран оты жағылып, ән айтылып, күй тартылып, атап өтеді.
Жиын алдында былтырғы құрылтай нәтижелерін саралап, биылғы жиында талқыланатын, қаралатын мәселелерге назар аударсақ.
«Асықпаңдар! Артымызда қазы бар...» Ахмет Байтұрсынұлы
Тіпті, біз мына орыс, батыс, Еуропа, француз бен ағылшынның әдебиетін оқыған кезде ондағы түрлі құбылыстарды қабылдаймыз да, өзіміздікіне келгенде тосылып қаламыз
Биыл Батыс Қазақстан облысында 210 тұрғын үй, Ақтөбе облысында – 89 тұрғын үй, Қостанай облысында – 44 тұрғын үй су астында қалды.
"Қазақ халқын туыс санайтындықтан, олардың төл өнерінен бөлек, ұлттық спортына да қызығушылығым оянды. Әсіресе, бес тас деп аталатын ойынға әуес болдым. Бұйырса, осы спорт бойынша біз үшін дүбірлі дода саналатын Көшпенділер ойынында бақ сынамақпын. Сонымен қатар сол барғанда өнерсүйер қауымның басын қосып, Астанада концерт бергім келеді".
Біздің кейіпкеріміз мамандығы бойынша – журналист. Еңбек жолын телевизия саласынан бастаған Элона құтқарушылар жасағына баспасөз хатшысы керек екенін естиді. Журналистиканың басқа саласында да еңбек етіп, тәжірибе жинағысы келген жас қыз көп ұзамай өзі қалаған жұмысқа кіріседі.
"Студенттердің әлеуметтік жағдайын да назардан тыс қалдырмай отырмыз. Биылдың өзінде 400-ге жуық студенттің оқу ақысына 25 пайыздан 100 пайызға дейінгі жеңілдіктер бердік. Былтыр Мемлекет басшысының біздің университетке арнайы келіп, нәтижелі жұмысымызбен танысып, оң бағасын беруі біз үшін үлкен абырой әрі жауапкершілік салмағы да еселене түскенін сездік".
Адам жанын арашалауға атсалысып жүрген Бибіхан мамандықты ерлерге немесе әйелдерге арналған деп бөлуге болмайды деп санайды.
Бүгінде қазақ та, өзбек те «біздікі» деп жүрген Жалаңтөс Баһадүр кім?
Астана қаласындағы Кинологиялық қызмет орталығында 10 әйел-кинолог қызмет етеді. Солардың бірі – полиция капитаны Жазира Пішембайқызы. Оның қызметтегі «жауынгер» досының аты – Дик, немістің овчаркасы.
Ауыздығымен алысып, жер тарпыған асауды бағындырған қыздардың бірі – Алтынай Еркінбек. Ол Алматы облысы Кеген ауданы Жалаңаш ауылында туып-өскен. Ес білгелі әкесі мал шаруашылығымен айналысып келеді. Сондықтан болар Алтынай қатарлас құрбылары секілді қуыршақ ойнап, құрақ құрап, кесте тігуге аса қызықпады. Екі көзі қора жақта, есіл-дерті жылқыда болады. Осыны байқаған әкесі 4-5 жасынан бастап жылқыға мінгізеді. Содан бері он жылдан астам уақыт өтсе де, ат үстінен түскен жоқ.
"Ел-жер көріп, озық мәдениеттерді зерттегенде көзім жеткені – дамыған қоғамның адамы газет-журнал оқиды. Мемлекеттік саясатқа ықпал ететін, қоғамдық ойды алға жетелейтін тұжырым, зерттеулер ең әуелі мерзімді баспасөзде жарық көреді. Сондықтан біздің қоғамда газеттің қадірі кетсе, ол газеттің күні өткенінен емес, «бір күндікпен» жүріп, құндылық атаулыны арзандатып алған – өзімізден".
Jusan analytics сарапшыларының жүргізген зерттеуіне сүйенсек, бүкіл әлемде сұлулық салондары бойынша ең танымал қызметтер – шаш күтімі, одан кейін тырнақ және тері күтімі екен. Елімізде де тура осындай үрдіс байқалады.
Жеке адам сияқты, әр елдің өз кредит рейтингі болады. Бұл – мемлекеттің қаржылық тұрғыдан сенімділігі мен қарызды қайтару қабілетін көрсететін индикатор. Ал кредит рейтингі халықтың күнделікті өміріне және жалпы елдің экономикалық әл-ауқатына қалай әсер етеді? «BBB–» деңгейі дегенді қалай түсінуге болады? Осы сұрақтарға жауап іздеп көрейік.
"Алғыс айту мерекесі – расымен Қазақстанға лайық мереке. Мақтауға тұрарлық мемлекет. Себебі бүгінде басқа он жылдықтағыдай мейірімділік, шыдамдылық, мультикультурализм дәстүрін сақтау оңай емес".
Тозған инфрақұрылым мәселесі өзекті екені анық. Әсіресе, шалғай жатқан ауылдар мен моноқалалардағы жағдай шынымен алаңдатады. Кейбір аудандардың инфрақұрылымы 100 пайыз тозған. Оларды, жаңартуға, күтіп ұстауға, қызметкерлердің жалақысын өсіруге де қаражат керек. Дегенмен тұтынушылардан түскен ақша нақты осы мақсатта жұмсала ма? Кім-көрінгеннің қалтасында кетпейтініне кім кепіл?
Туристер санының артуы Қазақстанның әлемдік рейтингтегі көрсеткішіне де әсер етіп отыр. Жаһандық рейтингте еліміз 2019 жылы 80-орында тұрса, 2021 жылы 66-орынға жылжыған. Ал 2022 жылы ел көрсеткіші жақсарып, 14-орынға көтерілген.
«Литер» газетінің жарық көргеніне биыл 20 жыл толады.
Газет шығару жалқының емес, жалпының ісі. Aiqyn газетінің өткені мен бүгіні, келешегі тікелей журналистердің, бет қаттаушылардың, өзге қызметкерлердің еңбегіне байланысты екені рас.
Газет шығару – ұжымдық еңбек. Бұл бір оркестр сияқты. «Оркестрдің» дұрыс ойнауы – дирижерге ғана емес, сол оркестрдің әр мүшесіне тікелей байланысты.
(Алаштың ардақты ақсақалы, Отырар өңірінің экономикасы мен руханиятының дамуына зор үлес қосқан ардагер, ауданның тұңғыш энергетигі, зерттеуші-өлкетанушы, шежіреші-қаламгер, Отырар ауданының құрметті азаматы Сағындық Қыдырұлы ағамызды еске алу)
Тарихи-рухани ескерткіштер – бізді шетке, өзгеге танытатын ұлттық брендіміз! Ендеше, оларды қамқорлыққа алып, ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұра тізіміне ұсыну ісін жүйелеп, жеделдету қажет.
Тағы да ән жайлы сөз қозғамақпыз. Өзіміз куә болған жайтты, анық білетін шындықты ортаға салуды жөн көрдік.
"Басқа елде жоқ бұл технология біздің елге бірінші болып жетсе деймін. Біз қашанға дейін дамушы ел болып жүре береміз? Біз де дамыған ел болайық. Біз де еңсемізді тіктеп, алдыңғы қатарда тұрайық. Ол үшін бізде бәрі бар ғой. Қаражат та, әлеует те. Ресурс та бар. Құдайға шүкір, кедей ел емеспіз. Тек осыны тиімді пайдалана білу керек".
Елімізде жемқорлық жайлаған саланың бірі – білім беру жүйесі. Аталған сала қылмыстық құқықбұзушылықтар саны бойынша «үздік» үштікке енеді (2020 жылдан бастап 2023 жылдың 5 айының қорытындысы бойынша: ауыл шаруашылығында – 382, білім беру саласында – 343, әлеуметтік салада 295 құқықбұзушылық анықталған).
Басылым Мұстафа Шоқайдың түбі бір түркі жұртының отын өшірмеу идеясын, асыл арманын қайта жаңғыртты. Осы қасиетті идеология бүгінде Түркі жұртының қара шаңырағы – Túrkistan басылымының мұратына айналды.
Túrkistan газеті – жастығым өткен, рухани тұрғыдан жетілген, шығармашылық тұрғысынан шыңдалған, менің ұстаханам. Бүкіл журналистік карьерам осы газетпен байланысты.
KPMG сарапшыларының 2022 жылғы бағалауына сүйенсек, онлайн коммерцияның дамуы бойынша Орталық Азиядағы көшбасшы – Қазақстан.
Ғасыр басында көп қаракөз сәбидің мұхит асқаны, Еуропаға «жөнелтілгені» белгілі. Олар қазір түп-тамырын білуге ұмтылып жатыр. Өткенде Жәнібек есімді жігіттің Арқалыққа келіп, анасын іздеп, таба алмай кеткенінен республика жұртшылығы хабардар. Ал Эштон-Раиса тапты! Соған себепші болғанымызға біз де қуанамыз. TÚRKISTAN газеті осы бағыттағы мақалалар жазуды жалғастыра береді.
Жас айырмамыз үш-ақ жыл дегенге сенбей отырмын. «Пайғамбар жасына жеткенімді жақын жандарым атап өткелі жатыр, соған арнайы шақырамын» дегенді сымсыз телефон арқылы жеткізгенде, шынымен солай ма, ара жасымыз үш-ақ жыл болғаны ма деп қайран қалдым...
«Балаларын қай спорт секциясына апарарын білмей жүрген ата-аналарға айтарым – қысқы спорт түрлерімен айналыссын. Қазақстанда қысқы спорт түрінен перспектива бар.
Шерағаң «Қазақ әдебиеті» газетінде редактор кезінде кейбір мақалаларды Дидахметтің қолына беріп: «Дидаш, мына мақала маған ұнады. Бірақ тақырыбы мәнін ашпай тұр. Оқып шығып, тақырыбын қойшы», – дейді екен. Дидағаң жаңа тақырып қойып, апарып бермей ме, сонда Шерағаң: «Әп, бәрекелді! Міне, тақырып! Журналистің бәрі сендей тақырыпқа тапқыр болса, шіркін!», – деп ризашылығын білдіріп, жаңа санды талқылау кезінде оны басқаларға үлгі тұтқан.
Қазақстан халқының көп бөлігі ғасыр дертіне айналған ЛГТБ қозғалысына қарсы. Алайда қоғамның наразылығына қарамастан олардың әр жерде бір жиын өткізуі жиілеп барады. Өткенде Алматы клубтарының бірінде «көгілдірлердің» байқауы өтті. Оған қатысушылар да, оған жиналған жұрт та қозғалысқа қарсы емес екені анық. Басқосуды нағыз шоуға айналдырып, әлеуметтік желіде кең таралуы жұртшылықтың ашу-ызасын тудырды.
Қазақстан Жазушылар одағының Басқарма төрағасы
Ақпарат алтыннан қымбат болған заманда жеке деректеріміз жеткілікті түрде қорғалмағаны зор қауіп екені сөзсіз.
Маған өзіме беймәлім бір бөлігім бар секілді көрінеді. Бірдеңе жетіспей тұрады. Биологиялық отбасымды зерттеу, табу арқылы өзім туралы көп дерек таба аламын деп ойлаймын.
Бүкіл саналы ғұмырын мажар халқы мен күллі түркі халықтарының бірлігі мен бауырластығы жолында бағыштаған біртуар тұлға, белгілі түрколог, тегі қыпшақ мажар ғалымы, филология ғылымының докторы, профессор Қоңыр Иштван Мандокидің туғанына 10 ақпанда 80 жыл толады.
Лондон биржасы LSE-дегі сауда-саттық 14 ақпанда, ал AIX және KASE-дегі сауда-саттық 15 ақпанда басталады.
Астана Музыкалық жас көрермендер театры құрылған 3 жылда ұжымда 13 жұп шаңырақ көтерді
Қазақстанның халық әртісі, Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының иегері
"..Биік мақсаттарыма қол жеткізіп, «Мынау өзіміздің Көгершін ғой!» деп мені танитындар мақтан тұтатындай, өзгелерге үлгі болатындай жұмыс істегім келеді. Нью-Йоркке осындай асқақ армандардың жетегінде кетіп барамын".